Ол 56-шы өлшемдегі аяқкиім киеді екен. Ал салмағы – 150 келіге жеткен 27 жастағы жігіт үйдің кенжесі. Оның екі ағасы мен бір әпкесі бар. Бірақ, бауырларының дене бітімінде мұндай ерекшелік жоқ. Парасаттың айтуынша, ол бала күнінде бойы жағынан да, салмағы жағынан да қатарластарымен тең болған. Тек 6-сыныптан соң бірден өсе бастаған.
«Қазақстан рекордтар кітабына енгендерге ешқандай сыйлық берілмейді. Негізгі сыйлық сол кітапқа ену болып табылады. Оның өзі ерекше жетістік. Өйткені, Қазақстан рекордтар кітабына ену үшін де адамда ерекше қасиет болуы керек. Қазір ең ұзын адам – атыраулық алып Парасат Нұрғалиев болып отыр. Ондай адамдар ел бойынша бар, көп емес. Осыдан 5-6 жыл бұрын біз Астанадан тіркегенбіз. Бойы – 2 метр 13 см», – дейді Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов.