Тайсон Канелоға қатысты шындықты ашық айтты

Майк мексикалық боксшы Головкинге істеген қулығын қайталайды деп меңзеді.

Әйгілі Майк Тайсон суперорта салмақтағы жақсы көретін боксшысы Давид Бенавидеске кеңес берді, – деп хабарлайды vRinge

Тайсонның сөзінше, Давидке Канеломен жекпе-жекке дәмеленбеген жөн. Майк мексикалық боксшы Головкинге істеген қулығын қайталайды деп меңзеді. 

"Ол жекпе-жекке дәмеленбегені де жөн. Оның орнына Бенавидесті бір рингте Канелоны жеңген боксшы – Дмитрий Биволмен көргім келеді. Ал Альварес сияқтылар не істейді? Олар Бенавидес сияқты мықтылар карьерасы шырқауынан құлағанын күтеді. Содан кейін ғана жұдырықтасады. Мықтылар өз мүмкіндігін ұзақ күтіп жүретіндей етіп қояды", – дейді Тайсон.