Қазақ қызы бокстан моңғол елінің чемпионатында топ жарды

Зейнеп Әзімбайқызы бұған дейін 2022 жылы ересектер және жастар арасындағы ел біріншілігінде де чемпион атанған.

Ұланбатыр қаласында бокстан жастар арасындағы ел біріншілігінде Зейнеп Әзімбайқызы ел чемпионы атанды. Бұл туралы «Kaznews» ақпараттық порталы Баян-Өлгий аймағының Бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Аталған басылымның дерегінше, Зейнеп Әзімбайқызы бұған дейін 2022 жылы ересектер және жастар арасындағы ел біріншілігінде де чемпион атанған еді.