Суданда жағдай ушықты: Қазақстанның үш азаматы эвакуацияланды

Олардың бірі БҰҰ-да жұмыс істеген.

Суданнан үш Қазақстанның азаматы қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты,   деп хабарлады Halyq Uni.

«Судан елінде жүрген Қазақстанның үш азаматы қауіпсіз елге эвакуацияланды. Бүгінде олар бұл елден кетті. Олардың бірі БҰҰ-да жұмыс істеген. Қазір ол Эфиопияның Аддис-Абебада қаласында. Тағы бір азамат жапон компаниясында еңбек еткен, ол жапон дипломаттарының күшімен эвакуацияланды»,   деді СІМ ресми өкілі.

Айта кетейік, 15 сәуірде Суданда саяси жағдай ушығып, билік үшін талас басталды. Биліктегі ықпалды күштер арасында қақтығыс басталып, әскери топтар ішінде шиеленіс күшейді.