Алматы-Өскемен тасжолында 2 адам қаза тауып, 4 адам ауруханаға түсті. Оның үшеуі – балалар.
Оқиға 24 сәуірде Көксу ауданында Алматы-Өскемен автожолының 190-шақырымында болды.
Subaru Legacy көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, машинаның аударылуына жол берді.
Жол апатында әйел мен бүлдіршін мерт болды. Әртүрлі жарақаттармен тағы 4 адам жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Олардың арасында кәмелетке толмаған үш бала бар.
Оқиға орнында полицейлер мән-жайды анықтап жатыр.
«Жетісу облысының полициясы жол қозғалысына қатысушыларды Қазақстанның жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Жол – қателікті кешірмейді. Жүргізушінің шамалы қателігі қайғылы салдарға әкелуі мүмкін. Есіңізде болсын, сіздердің әрқайсысыңызды жақындарыңыз үйде күтеді»,– делінген Жетісу облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.