Рахмоновты басып озды

Қазақстандық аралас жек­пе-жек шебері Шавкат Рах­мон­ов (17-0) мерзімінен бұ­рын қол жеткізген жеңіс саны бойынша қазіргі UFC файтер­лері арасында көш бастап тұр­ған жоқ.

Бұған дейін Рахмонов бірінші орында тұрды. Ол қатарынан бес рет жеңіске жеткен, бірақ қазір оны ресейлік файтер Сергей Пав­лович (18-1) басып озды. Ол қата­ры­нан алты мәрте айқасқа шығып, алтыншы жекпе-жегінде мерзімі­нен бұрын жеңімпаз атанды, бұл ретте ол барлық жеңістеріне бірінші раундта-ақ қол жеткізген.

Шавкат Рахмоновқа келсек, ол UFC-дегі бес жекпе-жегінде Алекс Оливейра (24-13-1), Мишель Празерис (27-4), Карлстон Харрис (17-5), Нил Мэгни (27-10) және Джефф Нилді (15-5) жеңген. Рахмонов UFC-дің жартылай орта сал­мақтағы ең перспективалы спорт­­шылардың бірі саналады.

К.ЕСІМ