Ең ірі мұнай-газ компаниясы жекенің қолына өтіп кеткен

Тексеру нәтижесінде, компанияның төмендетілген бағамен жекенің қолына өтіп кеткені анықталды.

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында мұнай-газ саласындағы маңызды инфрақұрылымдық объектілерді жекеменшікке берудің заңдылығы мәселелері талқыланды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.  

Жиында мұнай-газ саласында жұмыс істейтін ірі компанияның осыдан бірнеше жыл бұрын жекеменшікке сатылғаны айтылды. Комиссия тапсырмасымен жүргізілген тексеру активтің төмендетілген бағамен жекенің қолына өтіп кеткенін анықтады. 

Премьер-Министр құзырлы мемлекеттік органдарға осы мәселені Қазақстанның қолданыстағы заңнамасы аясында пысықтауды тапсырды.