Астана қаласында қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың VI форумы өтеді

QAZAQFORUM бейресми кездесулер мен жасанды интеллекттер өндірген сурет көрмесін
ұсынады

28 сəуірде Астана қаласында қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың VI Форумы өтеді. «Жасанды интеллект дəуірі: қазақ медиасын қайта зерделеу» тақырыбындағы форум аясында (əрі қарай - QAZAQFORUM) қазақтілді медианы дамытудың жаңа трендтерін талқылау жоспарланған.

Сонымен қатар, қазақ тілінде ұсынылатын контенттің ең өзекті мəселелерін сарапшылар мен журналистер, блогерлер мен бейне-контент жасаушылар талқылайды.

QAZAQFORUM жыл сайын жүйелі түрде қатысушыларға өзекті мəселелерді талқылауды жəне халықаралық тəжірибе негізінде қазақстандық медиа-нарықтың даму көкжиектерін айқындайтын біріктіруші алаңға айналды.

QAZAQFORUM ашылуында Ақпарат жəне қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырəлі мен АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм сөз сөйлейді. QAZAQFORUM барысында спикерлер мен қатысушылар талқылайтын тақырыптар: «Монетизация. Неге бəрі мұз?», «Immersiveness. Қазақстандық журналистика жаңа трендтерге дайын ба?», «From TV to YouTube: бейімделу, тенденция жəне жаңа мүмкіндіктер» жəне «Танымдық контенттің əлеуеті». Өткізілетін мастер-клаcстар: «Өз подкастын қалай жүзеге асыру керек?», «Медиа желіде жасанды интеллекті қолдану тəсілдері». QAZAQFORUM бейресми кездесулер мен жасанды интеллекттер өндірген сурет көрмесін ұсынады.

QAZAQFORUM арнайы қонағы – танымал əнші Мархаба Сəби. QAZFORUM ұйымдастырушылары: АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігі, «Business Event&Rent» агенттігі. Қолдаушылар: «Kaspi Bank» АҚ.