Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыны прокурор 8 жылға соттауды сұрады, – деп хабарлайды Qaz365.kz.
Гүлмира Сатыбалды мұның алдында өз кінәсін ішінара мойындаған еді.
"Мен кінәні ішінара мойындаймын, бірақ 125-бап бойынша (125-бап 2-тармақтың 1, 8-бөлігі.) кінәмді мойындамаймын. Адам ұрлағанымды мойындамаймын. Ұрлап әкетсем (Айгүл Мекешев - ред.) қалай оны үйіме әкелдім айта аламын. Бұл қисынсыз ғой. Ол жерде өзінше билік ету бар (ҚР ҚК-нің 389-бабы 3-бөлігі – Ред.). Өзінше билік ету бойынша 5% мойындаймын. Мен оған 5% беруге уәде еттім (акциялар – ред.) және уәделерімді орындамадым", – деген еді Гүлмира Сатыбалды.
Бұған дейін ол жәбірленуші Айгүл Мекешевамен Galanz Bottlers және Maxi Bottlers компаниялары акцияларының үлесін беру туралы медиативтік келісім жасасқан болатын.
Бірақ бизнесмен Тұрсын Алагөзов ұсынған айыптар бойынша Назарбаевтың бұрынғы келіні кінәсін мойындамайды, бірақ залалды өтеуге дайын екенін айтады. Оның айтуынша, ол Galanz bottlers акцияларын мәжбүрлеу емес, иелерінің еркі бойынша сатып алған.
Айта кетейік, кәсіпкер Алагөзов Гүлмира Сатыбалдыға қатысты басты сот талқылауы барысында өзінің Galanz Bottlers компаниясының 43%-дан астам акциясынан айырылғанын, өйткені оларды беруге мәжбүр болғанын мәлімдеді.