Қостанай облысында полиция қызметкерлері аса ауыр қылмысты ашты.
Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, оған адам өлтірді деген айып тағылды.
«17 сәуірде жедел іздестіру іс-шара барысында полицейлер бұрын сотталмаған Заречный ауылының 52 жастағы тұрғынын ұстады. Ол қамауға алынды», – делінген хабарламада.
Қазір қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, сараптамалар тағайындалды.
Бұған дейін 11 сәуірде Қостанай ауданында 59 жастағы тұрғынның мәйітін табу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны хабарланған болатын.