Арық қыздар армандамасын – Күйеуіне тоқал іздеген бәйбіше кастинг жариялады

Күйеуіне тоқал іздеген бәйбішенің бейнежазбасы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Осы мақсатта кастинг жариялаған әйелге ел түрлі сын айтуда.

"Өзімен қолғабыс болатын, қолымды ұзартатын патшама тоқал іздеп отырмын. Тоқал болғанда да арық қыздар армандамай-ақ қойсын. Маған топ-томпақ, жаңа піскен бауырсақтай қыз керек. Бірақ, кездеспей тұрып алдын ала қоятын шартым бар. Өйткені мен бәйбішемін ғой. Біріншіден тоқал  келгеннен кейін жоралғысының бәрін қазақша жасаймыз. Некесін оқытамыз. Келгеннен кейін 5 жыл фазендада өмір сүреді. Фазендада 80-90 бас байланып тұрған ірі қара бар, бір отар қой, бір үйір жылқы бар. Қысы-жазы істейтін саяжай бар", – дейді бәйбіше. 

Желі қолданушылары "Малшы құл керек демейсің бе?", "Тоқал алса, сені жіберіп қоймасын фазендаға", "Әдейі ешкім келмейтінін біліп айтып тұр ғой", "Ұят-ай!" деген пікірлерін жазды.