Хамзат Чимаев қазақстандық Шавкат Рахмоновтан қорқасың ба деген сұраққа жауап берді

Instagram желісіндегі спортшының соңғы жарияланымы астында қолданушылардың бірі сұрақ қойған.

Тегі шешен швециялық файтер Хамзат Чимаев қазақстандық Шавкат Рахмоновтан қорқасың ба деген сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Instagram желісіндегі спортшының соңғы жарияланымы астында қолданушылардың бірі сұрақ қойыпты.

"Чимаев, бауырым, сен нақты айтшы, өтініш. Қазақтың жолбарысы Шавкат Рахмоновпен айқасқа шығудан қорқасың ба?" – деп жазыпты пайдаланушы.

"Бөрілер мысықтан қорықпайды. Қазақ, ұмытпа!", – деп жазыпты Чимаев.