Жаңаөзендегі жарылыс: зардап шеккен екі адам көз жұмды

Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, ауыр халде жеткізілген екі науқас – 1972 және 1977 жылы туған ер адамдар қайтыс болған.

Жаңаөзенде болған жарылыстан зардап шеккен екі адам көз жұмды.

 

Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі мәліметінше, ауыр халде жеткізілген екі науқас – 1972 және 1977 жылы туған ер адамдар қайтыс болған.

«Зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетілді. Өкінішке қарай, дәрігерлер оларды аман алып қала алмады, олардың жағдайы өте ауыр болды. Барша туыстары мен жақындарына қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз», – делінген облыстық аурухананың хабарламасында.

Еске салсақ, 17 сәуірінде таңғы уақытта Жаңаөзен қаласының 2-шағынауданындағы көпқабатты үйде газ жарылған болатын. Жарылыс салдарынан 150 шаршы метр аумақ құлап, төрт адам қаза тапты, алтауы жараланды. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жарылыстың алдын ала себебі – газ-ауа қоспасының шығуы.