29 сәуір – 1 мамыр аралығында Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды ағындардың өтуімен құбылмалы күн райы қалыптасады – күн күркіреп, жаңбыр жауады, түнде солтүстікте, орталықта және шығыста қар, жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда бұршақ пен жаңбыр күтіледі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлайды.
Республика аумағында жел күшейіп, тұман түседі. Оңтүстіктегі аудандарда шаңды дауыл болады.
1 мамырға қарай солтүстік антициклонның енуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді.
Солтүстік пен солтүстік-батыста 1-7 градус үсік, шығыста 1-10 градус үсік болжанады.