Алматы әуежайында мас төрт шетелдік рейстен түсірілді

Тексеру барысында 28, 32, 38 және 42 жастағы Қытай азаматтарын анықталды

 Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөліміне Air Astana әуекомпаниясының өкілінен Алматы – Атырау рейсімен ұшпақшы болған біртүрлі жолаушылар туралы хабарлама келіп түсті.

Тексеру барысында 28, 32, 38 және 42 жастағы Қытай азаматтарын анықталды. Арызданушының айтуынша, рейске тіркелу кезінде олар өздерін дөрекі ұстаған, масаң күйінде болған, балағат сөздер айтып ортақ пайдаланылатын орынды ластаған.

 

"Медициналық куәландырудың нәтижесі бойынша құқықбұзушыларда алкогольдік масаңдықтың «орташа» дәрежесі анықталды. Шетел азаматтарына қатысты ҚР ӘҚБтК 440-бабының 1-бөлігі (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып әрқайсысыны 5 айлық есептік көрсеткіш (17 250 тг) мөлшерінде айыппұл салынды",–деді ҚР ІІМ баспасөз қызметі.