Найзағай, дауыл, тұман: Бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі

Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарда найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыс бағыттағы жел оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/

Алматыда күннің екінші жартысында найзағай күтіледі.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының шығысында найзағай күтіледі. Тәңертең және күндіз облыстың солтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.