"Екібастұз қаласы Мәшһүр Жүсіп көшесі № 2 көппәтерлі тұрғын үйде болған өртке байланысты объектілік масштабтағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын", – делінген бұйрықта.
Еске салайық, 27 сәуірде Екібастұзда екіқабатты тұрғын үйдің шатыры өртенді.
Өрт сөндірушілер 30 адамды эвакуациялады, оның жетеуі – балалар.
Сонымен қатар өрт сөндірушілер шатыры өртенген екіқабатты ғимарат ішінен 6 газ баллонын сыртқа алып шықты.