Ақтөбе облысында құрдастарын себепсіз ұрып-соққан бір топ бала анықталды.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 28 сәуір әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында бір топ жастар өз құрдастарын ұрып-соғып жатқан бейне белгілі болған.
«Полиция қызметкерлері осы ақпаратты тексеру барысында Алға қаласында Niva автокөлігімен жүріп келе жатқан бірнеше кәмелетке толмағандар өз құрдастарын көшеде кездестіріп, оларды себепсіз ұрып-соққаны анықталды», - деп жазды ведомстводан.
Оқиғаға қатысушылар полиция бөліміне жеткізілді, онда олармен және ата-аналармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігі «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандардың бірінің ата-анасына тиесілі көлік арнайы тұраққа қойылды.