Парадзюдодан Қазақстан ерлер және әйелдер құрамасы Азия чемпионатының командалық жарысында топ жарды. Айналмалы жүйе бойынша өткен бәсекеде ел құрамалары қарсылас шақ келтірмей, Азия чемпионы атанды.
Қазақстан әйелдер құрамасы финалда Өзбекстан командасын 2:3 есебімен жеңді. Альфия Тілекқабыл, Ақмарал Науатбек және Динара Кужулова құрамаға жеңіс сыйлады.
"Айта кетерлігі, Ақмарал Науатбек жекелей жарыста бүгін күрескен өзбекстандық Кумусхон Ходжаевқа есе жіберген болатын. Бүгін командалық жарыстың кездесуінде иппон ұпайымен есесін қайтарды. Ал әйелдер құрамасында Альфия Тілекқабыл (J1 -57 кг), Даяна Федосова (J2-70 кг), Зәуре Айтек (J1 +70 кг), Ақмарал Науатбек (J2 -70 кг) және Динара Кужулова (J2+70 кг) татамиге шықты", – деп хабарлады Қазақстан парадзюдо федерациясының баспасөз қызметі.Ал Өзбекстан құрамасы екінші орынға ие болса, Үндістан спортшылары үздік үштікті қорытындылады.