Алматыда өткен OCTAGON 44 турниріндегі кештің басты жекпе-жегіндегі сенсациялық жеңіліске ұшыраған қазақстандық танымал файтер Еркебұлан Тоқтар (5-3) эмоцияға ерік берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Кеше, 29 сәуірде танымал актер, ММА шебері Еркебұлан биыл алғашқы жекпе-жегін өткізді. Ол OCTAGON лигасының 44-ші нөмірлі турнирінде 21 жастағы ирандық Паям Назаримен (4-1) кездесті. Екінші раундта Еркебұлан күтпеген жерден жеңіліп қалды. Алдымен қатты соққымен нокдаунға түсіп, тұншықтыру әдісімен жеңіліп қалды.
Жекпе-жектің соңында эмоциясына ерік берген спортшы микрофонды қолына алып, сөйлеген сөзімен көрермендерді таңғалдырды.