Алматы облысында құтқарушылар бетон араластырғышта аяғы қысылып қалған құрылысшыны құрсаудан босатты. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Алматы облысында құмды тиеу кезінде 35 жастағы жұмысшы сүрініп кетіп, салдарынан оң аяғы бетон араластырғышқа қысылып қалған.
Республикалық жедел құтқару жасағының 5 құтқарушысы мен Қонаев қаласы жедел құтқару жасағының 4 құтқарушысы оқиға орнына шұғыл жетті.
Оқыс оқиға Іле ауданындағы «Гейт Сити» ықшамауданында болған. Оқиға орнына келгеннен кейін ТЖМ құтқарушылары болгарканың көмегімен зардап шеккен ер адамның қысылған аяғын босатты. Аяғы сынып кеткен. Құтқарушылар ес-түсінен айырылған ер адамды жедел жәрдеммен ауруханаға алып кетті.
Құтқарушылар қауіпсіздік талаптарын сұрайды.