Қарағандыда су қоймасынан әйелдің мәйіті табылды

Суға батып кеткен болуы мүмкін.

Қарағандыда Федоров су қоймасынан әйелдің мәйіті табылды. Тәртіп сақшылары марқұмның жеке басын анықтап жатыр. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Қарағанды облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Федоров су қоймасынан әйелдің мәйітін өтіп бара жатқан адамдар тауып алып, полиция шақырған.

Әйелдің денесінен зорлық-зомбылық белгісі жоқ. Суға батып кеткен болуы мүмкін.

Себебін сот-медициналық сараптама анықтайды.