ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 103 жедел арнасы қоңырау шалған әйел анасының өзін жайсыз сезініп тұрғанын айтқан. Жедел жәрдем қызметкерлері лезде жеткен.
«Фельдшерлер Ерасыл Алтайұлы мен Тілеген Төлепбергенов үйге 10 минут ішінде келіп жетті. Тексеру кезінде 81 жастағы әженің жағдайы кенеттен нашарлап, жүрегі тоқтап қалған», – дейді басқарма өкілі.
Сол кезде жедел жәрдем қызметкерлері шұғыл түрде жүрек-өкпе реанимациясын жасады. Содан кейін әженің жүрегі қайта соққан. Ауруханаға жеткізіп дәрігерлер тексерді.