Жеңілдетілген автонесие: Көлікке мұқтаж адамдар үшін бағдарламаға өзгеріс енгізіледі

Көлігі бар адам жеңілдетілген автонесие бағдарламасымен көлік ала алмайды.

Үкіметтегі жиыннан кейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев журналистерге автонесие туралы айтты. 

Бұл туралы Aikyn.kz сайты Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

Қарабаевтың айтуынша, автонесиелеу бағдарламасының талаптары қайта қаралмақ.

«Автонесие арқылы көлік алғандардың тізімін жариялау. Екіншіден, бастапқы жарна болмайтын. Енді 10% бастапқы жарна енгізуді қарастырып отырмыз. Үшіншіден, көліктің құны 15 млн болса, 10 млн теңге несие берілетін. Оны да төмендетуді қарастырып, көбірек көлік беруді қарастырамыз. Сондай-ақ белгілі бір жалақысы барларға шектеу енгізу көзделіп отыр. Белгіленген шекті жалақыдан асып кетсе көлік ала алмайды. Осылайша, мұқтаж жандарға арнап жасаймыз. Осыған дейін көлік алған адамдардың орташа жалақысына қарап белгіленді. Қазір қанша екенін айта алмаймын. Осы өзгерістерді бір айда енгізіп аяқтауды көздеп отырмыз», – деді ол.

Бұдан былай көлігі бар адам бұл бағдарламамен көлік ала алмайды.

Фото: jambylinfo.kz