Әлем чемпионатында «жеңіліп» қалған Талғат Сырымбетов IBA президентіне шағымданды

Иордания боксшысымен болған жекпе-жекті қайта көруді сұрады.

Ол ешкімнен қайран болмаған соң, IBA президенті Умар Кремлевке өзі наразылығын білдірді.  

«Құрметті Умар Назарұлы, сізден Иордания боксшысымен болған жекпе-жекті көруіңізді сұраймын. Дұрыс шешім шығатынына мүдделімін, өйткені жеңіс әділетсіз түрде қарсы тарапқа берілді. Өз атымнан сізге өтініш жасаймын. Құрметпен, Талғат Сырымбетов», – деп жазды ол.

Айта кетейік, ол Өзбекстан астанасында  өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде  60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде тай боксшысы Сакдой Руамтхамды жеңіп, келесі айналымға өткен болатын.

Нұрболат АДЫРБЕК, Алматы