Өрт сөндірушілер өртеніп жатқан үйге шұғыл жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 5 мамыр күні таңғы сағат 07.23-те өрт сөндірушілер Медеу ауданы Жібек жолы көшесі, №37 мекенжайына барған.
Бесінші қабаттағы пәтердің ас бөлмесі мен балконы өртеніп жатқан.
Өрттің тұрғын үйдің шатырына таралу қаупі болды.
Қызыл жалынды 17 минутта сөндірді.
«Үйден ес-түссіз жатқан 1955 жылғы ер адам табылды. Өрт сөндірушілер оған түтіннен қорғайтын арнайы құтқару қалпақшасын кигізіп, таза ауаға шығарды. Зардап шеккен тұрғынға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Зейнеткер есін жиды», – деді құтқарушылар.