Елена Рыбакинаның әлемдік рейтингтегі орны рекордтық деңгейге жетті

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингті жариялады.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әлемдік рейтингте рекордтық орынға көтерілді.

Елена Рыбакина 7-ден алтыншы сатыға жоғарылады. Бұған дейін Қазақстан теннисі тарихында жекелей сында ешкім мұндай нәтижеге қол жеткізіп көрген емес.

Юлия Путинцева 51-орнында қалса, Анна Данилина жұптық сында 26-сатыға қайта оралды.

 

WTA-ның 8 мамырдағы рейтингісі:

6 (+1). Елена Рыбакина (Қазақстан) – 4195,

51 (0). Юлия Путинцева (Қазақстан) – 1016,

435 (-9). Жібек Құламбаева (Қазақстан) – 111,

496(+16). Гөзал Айнитдинова (Қазақстан) – 93,

574. (-25). Анна Данилина (Қазақстан) – 66,

1146 (-32). Аружан Сағындықова (Қазақстан) – 9.