«Бір көрген кезде, шынын айту керек, жүрегімде жылы сезім пайда болды. Жұбайыммен ең алғашқы танысқанымыз, бір-бірімізге деген түсінушілігіміз, сүйіспеншілігіміз әлі жүрегімде. Шынын айту керек, жұбайымды әлі күнге дейін 18 жастағы қыз сияқты алақанда аялап, қадірлеп, құрметтеймін. Жұбайдан жолы болған жігіттердің бірімін. Өйткені менің мінезіме, менің жұмысыма және әртістік өміріме шыдайтын бір адам болса, осы жұбайым шығар. Ұлты қазақ емес, ұлты – ұйғыр. Шешесі – қазақ. Отбасымен барлығы қазақша сөйлейді. Әйелім қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берген», – дейді Асылбек Боранбаев.
Сондай-ақ актер балаларына оғаш мінезін көрсетпейтінін айтты.
«Құдай сақтасын, балаларыма бір оғаш мінезімді, қисық жүрісімді көрсетпеуге тырысамын. Қыздарыммен сырласамын, керек болса, олар анасына айтпаған сырларын менімен бөліседі. Еркелетемін, арасында ұрсып та аламын. Шапалақпен сарт еткізуім де мүмкін. Ондай-ондай болады», – дейді актер. Асылбек Боранбаев аралас некеге де қарсы еместігін жеткізді. «Қандай ұлт өкілі болса да, мұсылманның қызын алып, мұсылманның жігітіне шығып жатса… Айтарлықтай қарсылығым жоқ. Дей тұрғанмен, өзіміздің қазақтан алса…», – дейді Асылбек Боранбаев.