Атырауда мәйітхана қызметкерлері заңсыз 100 мың теңге алып келген

Қазір аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Атырауда мәйітхана қызметкерлері қайтыс болған адамға формалин жағу қызметі үшін 13 мың теңге орнына заңсыз 100 мың теңге алып келген, – деп хабарлайды Аtyraupress.

Қазір аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Атырау облыстық патологиялық-анатомиялық бюросының қызметкерлері күдікке ілінген.

Жақындары қайтыс болған адамдар «Атырау облыстық патологиялық-анатомиялық бюросы» КМҚК-ның есеп айырысу шотына емес, мәйітхана қоймашысының қызына тиесілі жеке шотына ақша аударуға мәжбүрленген. 

Заң бұзушылықтар туралы анонимді хабарламалар құқық қорғаушыларға берілді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан тексерілгені айтылды.