Тағы бір қазақстандық боксшы жартылай финалға шықты

Нұрбек Оралбай 80 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионы, иорданиялық Хуссейн Эйшаиш Ишайшпен шеберлік байқасты.

Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Нұрбек Оралбай жартылай финалға шықты.

Нұрбек Оралбай 80 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионы, иорданиялық Хуссейн Эйшаиш Ишайшпен шеберлік байқасты.

Өткен жылы Иордания астанасы Амманда өткен Азия біріншілігінің жартылай финалында Нұрбек дәл осы боксшыға жол беріп, қола жүлдені қанағат тұтқан еді.

Бұл жолы алғашқы екі раунда бес төреші түгелдей басымдықты қазақстандық боксшыға берді. Қорытынды есеп – 5:0 Нұрбектің пайдасында.

Осылайша, Нұрбек иорданиялық боксшыдан қарымта қайырып, жартылай финалға жолдама алды.