Онда 2020 жылы туған сәби әжетхана шұңқырына түсіп кеткен.
«Сол күні анасы өзге баласын алып, облыс орталығына кеткен. Ал әкесі жұмыста болған. Үйіндегі туыстарының баласы әжетханаға барып, қатты жел тұрғанда есігі жабылмай, сәби құлап кеткен. Баланы шұңқырдан туысы алып шығып, дәрігерлерге жүгінді. Оны кейін санавиация қызметімен қалаға жеткізді. Бірақ бала бірнеше күннен соң көз жұмды. Оның ата-анасына қатысты Қылмыстық кодекстің «Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау» бабы бойынша іс қозғалды», – деді Ерболат Сарқұлов.