Арман Оразалиев жаңа қызметке тағайындалды

Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды.

Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен БҚО ПД-нің бас полицейі лауазымына полиция полковнигі Арман Оразалиев тағайындалды. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Облыс активіне және ПД-нің жеке құрамына жаңа бастықты ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев таныстырды.

 

 

Оразалиев Арман Молдиярұлы 1975 жылдың 26 мамырында Оңтүстік Қазақстан облысында (қазіргі Түркістан облысыред.) дүниеге келген. 

Құқық қорғау органдарында 1992 жылдан бері жұмыс істейді. Оңтүстік Қазақстан облысында және ҚР ІІМ-де жедел қызмет саласында әртүрлі басшы лауазымдарда қызмет етті. Павлодар және Жамбыл облыстарында ПД бастығы лауазымында қызмет атқарды. Тәжірибесі көп.

Осы қызметке дейін ҚР ІІМ Криминалдық ПД бастығының орынбасары болды. 

Айта кетейік, БҚО ПД жеті жылға жуық басқарған Махсудхан Аблазимов Қызылорда облысы ПД бастығының лауазымына ауысты.