Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронт әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Күн күркіреп, жаңбыр, бұршақ жауады.
15 мамыр түнде республиканың шығысында жауын-шашын жаууы мүмкін. 13 мамырда солтүстікте, 14 мамырда оңтүстік облыстарда, 14-15 мамырда республиканың оңтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады.
Демалыс күндері күн суытады.
14-15 мамырда ғана еліміздің солтүстік жартысында түнде 1-3 градус аяз болады. Республиканың оңтүстік облыстарында жел күшейіп, шаңды дауыл соғады.