10 мамыр күні «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов қамауға алынды.
Кейін Антикоррупциялық қызмет ол қандай қылмысқа қатысты ұсталғанын жария етті.
Кейбір ақпарат құралдарының хабарлауынша, ол «30 миллион доллар парамен» ұсталған. Бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.
Абылай Мырзахметов өткен жылдың ақпан айында «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы қызметінен кетті.
Бұған дейін ол Қазақстан Президенті жанындағы Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі болған.
Сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының міндетін атқарушы, «Самұрық-Қазына» қоры жанындағы Қоғамдық консультативтік кеңестің жауапты хатшысы болды.