Санжар Тәшкенбай әлем чемпионы атанды

Санжар Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды

Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Санжар Тәшкенбай жеңімпаз атанды.

С.Тәшкенбай 48 келіге дейінгі салмақта грузиялық Сахил Алахвердобимен алтын жүлдені сарапқа салды.

Бірінші раундта төрешілер түгелдей С.Тәшкенбай басым деп тапты. Екінші кезеңде Санжар сол басымдылығын сақтап қалды. Қорытынды есеп – 5:0.

Сөйтіп Санжар Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды.