13 мамыр таңғы сағат 7-лер шамасында көпқабатты тұрғын үй ауласында белгісіз азаматтар жанжалдасып, төбелес кезінде қару қолданған. Төбелеске қатысқан бірнеше азамат ұсталып үлгерді.
Полиция жалдамалы пәтерде бірнеше таныс азамат бір-бірімен сөзге келіп, кейін пышақ және травматикалық қару қолданып, төбелескенін, кейін барлығы оқиға орнынан бой тасалағанын анықтады.
Екі күдікті қала аумағында ұсталса, тағы екеуі автокөлікпен Самара-Шымкент тасжолында құрықталды.
Қалған күдіктілерді анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Ұсталғандар Шымкент қаласының және Маңғыстау облысының тұрғындары болып шықты.
Оқиға орнынан және автокөліктен айғақ заттар алынды. Екі адамға медициналық көмек көрсетілді.
Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.