220 жолаушы Дубайдан Алматыға жете алмай қалды

Жолаушылар қонақүйге орналастырылып, тамақпен қамтамасыз етілді.

12 мамырда Air Astana әуекомпаниясының Дубай – Алматы рейсі техникалық себептерге байланысты кейінге қалдырылды.
 
"Жолаушылар қонақүйге орналастырылып, тамақпен қамтамасыз етілді. Әуекомпаниясының инженерлері қазір Дубайда, олар анықталған ақауларды жоюмен айналысып жатыр. Бөлшектерді сәтті ауыстырған жағдайда рейстің Дубайдан болжамды ұшу уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 21.45-ке белгіленіп отыр. Ақауларды реттеу мүмкін болмаған жағдайда рейстің балама нұсқалары қарастырылады",   деп хабарлады Air Astana компаниясы.