Қызылордалық полицейлер тұрғынды пышақтаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 102 арнасына облыс орталығында орналасқан сауда орталығының алдында тұрғынды пышақтап, қашып кеткен.
Polisia.kz-тің дерегінше, полиция жедел іздестіру нәтижесінде күдіктіні ұстады.
Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен көшеде күдікті басқарған автокөлік тоқтатылды. Көліктен айғақ заттар алынды. Күдікті көлігінің мемлекеттік нөмірлерін алдын ала шешіп алған. Оны уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.
Полицейлер қылмыстық іс қозғап, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.