Бүгін, яғни 2023 жылы, мамырдың 15-і «Қазақстан туралы үздік роман» әдеби байқауға қатысушылардың шығармаларын қабылдау аяқталды. «Меценат.кз» әдеби сыйлығының екінші маусымына шығармаларды қабылдау қыркүйекте басталған. Биыл шетелдегі қандастарымызға да қатысуға мүмкіндік берілді. Орыс тілінде тек Қазақстан азаматтары қатысты. Сонымен, «Қазақстан туралы үздік роман» әдеби байқауының екінші маусымына 103 адам тіркеліп, 58 роман жүктелді.
Біз барлық қатысушылардың зор жауапкершілікпен әдеби байқауға қатысқаны үшін алғыс білдіреміз. Сіздердің еңбектеріңізге оқырман тарапынан қызығушылық болатынына сеніміміз зор және осы шығармаларыңыз арқылы отандық әдебиеттің дамуына айтарлықтай үлес қосып отырғандарыңыз сөзсіз. Біздің байқаудың жеңімпазы өмір бойғы ай сайын 500 доллардан сыйақы алып отыратынын естеріңізге саламыз. Жеңімпаз тек оқырманның дауыс беруімен анықталады.
Әдеби байқаудың басты ұстанымдарын тағы да айта кетейік:
● Мемлекеттік бюджеттен толық тәуелсіз болу. Біз мемлекеттік мекемелерден тек ақпараттық қолдау күтеміз;
● Ашық және жасырын мүдделер қайшылығын тудыратын қазылардан бас тарту, оның орнына оқырман дауысы арқылы жеңімпазды анықтау;
Сонымен қатар, бізге қолдау көрсеткен келесі серіктестерімізге алғыс білдіреміз:
● ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
● ҚР Мәдениет және спорт министрлігі
●“Қазақстан” Респубикалық телерадиокорпорациясы” АҚ
● “Хабар” АҚ
●"Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені" ҮЕАҚ
● “NUR Media” медиахолдингі
●“QazContent” АҚ
● “Amanat” партиясы
●“Қазақ газеттері” ЖШС
● ҚХР қазақтар қауымдастығы https://mp.weixin.qq.com/s/uxbMthnHGSg4i9xgkkOM7A
● Моңғолиядағы “KazNews.mn” ақпарат агенттігі
● Моңғолиядағы “Баян Өлгий” радиосы
●Өзбекстандағы қазақ тілінде жарық көретін “Нұрлы жол” газеті
“Mecenat.kz” жобасының мақсаты - қазақстандық көркем әдебиетті дамыту және кітап оқырмандарының ынтасын арттыру, жазушылардың кәсіби деңгейін көтеру және олардың шығармаларын әлемдік кітап нарығына шығару.
фото: ult.kz