Таразда 12 жасар бала әкесінің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен.
Рolisia.kz мәліметінше, тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерге мониторинг жасау барысында кәмелет жасқа толмаған баланың Subaru автокөлігінің рулінде отырғаны туралы видеоны көрген.
«Автокөлік иесі анықталды. Айтуынша, баласы көлікті рұқсатсыз айдап кеткен. Әлеуметтік желіге видео жарияланғанын да білмеген. Көлік иесі ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 612-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 50 АЕК көлемінде (1 АЕК – 3450 теңге) айыппұл салынды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды», - делінген полиция хабарламасында.