Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаев бірнеше күн бұрын жансақтау бөліміне түскен.
38 жастағы әкім жұмыс орнында сырқаттанып қалған. Дегенмен нақты диагнозы аталмады.
"Әсет Дүйсебекұлы бірнеше күн бұрын жансақтау бөліміне жатқызылды. Қазір жалпы палатаға ауыстырылған. Қан қысымы көтеріліп, басы айналған соң жұмыс орнынан жедел жәрдеммен алып кетті", – делінген әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қазір әкімнің жағдайы тұрақты. Сөйлеп, өз бетінше жүре алады.
Әсет Масабаев 2022 жылдың наурызында Талдықорған қаласының әкімі болып тағайындалған. Оған дейін Алматыдағы Медеу ауданы әкімінің орынбасары, кейін аудан әкімі қызметін атқарған.