Тоқаев Қытайда мемлекет басшыларын ресми қарсы алу рәсіміне қатысты

«Орталық Азия – Қытай» саммитінің негізгі іс-шаралары ертеңге жоспарланған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысушы мемлекеттер басшыларын ресми қарсы алу рәсіміне қатысты,  деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 

«Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысушы мемлекеттер басшыларын ресми қарсы алу рәсімі Сиань қаласындағы Лотос саябағында өтті.

«Орталық Азия – Қытай» саммитінің негізгі іс-шаралары ертеңге жоспарланған.

Бүгін «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысушылардың құрметіне Лотос саябағында театрландырылған қойылым көрсетілді.

Еске сала кетейік, қазір Мемлекет басшысы Қытайда ресми сапармен жүр.