Шымкентте 72 жастағы ер адам аурухананың терезесінен құлап кетті

Шымкентте оқыс оқиға болды.

Шымкентте 72 жастағы ер адам №1 қалалық аурухананың 3-қабатындағы терезеден құлады. 

Қайғылы оқиға 18 мамыр күні түнгі сағат 23.30 шамасында болған. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Зейнеткер өз-өзіне қол жұмсамақ болған соң ауруханаға түскені белгілі болды. Бірақ бұл деректі қалалық денсаулық сақтау басқармасы ресми растаған жоқ.

Қария әл-Фараби ауданындағы «Айқап» ықшамауданында тұрған. Отбасы, бала-шағасы бар. Куәгерлердің айтуынша, осыдан бір-екі күн бұрын ауруханаға қарияның баласы келіп кеткен. 

Оқиғаның мән-жайын тергеушілер анықтайды.

 

Фото: chelny-biz.ru