Астана қаласының білім басқармасы «2023 жылға арналған Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулысының жобасын әзірледі.
"Тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі нәтижесінде мемлекеттік балабақшалардағы ата-аналардың тамақтану ақысының құны тамақтануды ұйымдастыру шығындарын өтемейді", – делінген Ашық НҚА порталында жарияланған құжатта.
Қала әкімдінінің қаулысына қарағанда, мектепке дейiнгi мемлекеттік білім беру ұйымдарында ата-ана төлемақысы жалпы білім беретін мектепке дейінгі ұйымдар үшін – 41 718 теңгеден 46 189 теңгеге дейін, балалардың толық күндік шағын орталығы – 31 995 теңгеден 46 189 теңгеге дейін қымбаттайды. Сондай-ақ арнайы мектепке дейінгі ұйымдар, жалпы білім беретін мектепке дейінгі ұйымдардағы арнайы және инклюзивті топтар үшін – 91 118 теңгеден 102 665 теңгеге дейін, мектепке дейінгі санаторлық ұйымдар үшін – 62 040 теңгеден 89 204 теңгеге дейін, балалардың толық емес күндік топтары үшін – 18 066 теңгеден 20 202 теңгеге және мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда тамақтанғаны үшін ақы төлеу – 16 800 теңгеден 20 800 теңгеге дейін өседі.
Құжат 3 маусымға дейін көпшілік талқылауында болады. Кейін осы айдан бастап қолданысқа енгізіледі.