Полиция қызметкерлеріне облыс аумағында қылмыстық топтың ақша бопсалаумен айналысатыны туралы ақпарат келіп түсті.
Аталған тұлғалардың кәсіпкерден қомақты ақша сомасын бопсалағаны, сондай-ақ оларға Toyota Camry автокөлігін рәсімдеуді талап еткені анықталды.
"16 мамырда жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері Ақтөбе облысының төрт тұрғынын ұстады. Ұсталғандардан патрондар мен 2 травматикалық тапанша және пышақ тәркіленді", – делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 194-бабы 3-бөлігі "бопсалау" бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.