"Әділдікті талап еткен ана әділдікке жетті!
"Қызымды күйеуі неке түнінде өлтіріп қойды" , - деп шырылдаған ананың жанайқайын сіздерге былтыр жеткізіп, осында бөліскен едім.
Бүгін сот жігітке 9 жылға үкім кесті. "Қыз өзі құлап қалды" деп мойындамай құтылып кетпекші болған еді, қайта тағайындалған сараптама бәрін тайға таңба басқандай анықтап берді.
Бұл жігіт екі-үш айдан бері қашып жүрген, қыздың анасы генерал Қ.Дәлбековтің қабылдауына бір емес, екі рет кірсе де полиция күдіктіні ұстауға асықпаған.
Әділдікті іздеп шаршаған ана маған келген соң ғана қашып жүрген жігіт бірден табылып қалып, қылмыстық іс дұрыс бағытта жүре бастаған. Ал оған дейін қыздың өзін "құлап қалды" деп көрсетпекші болған...
Бізде қылмыскерді ақтап алу үшін өліп қалған адамның өзін кінәлі етіп, өзі құлап өлді дей салады!
Біздің Елде әділдікке айқайлап қана жететінің - өте ӨКІНІШТІ...", - деп жазды заңгер.