Анықталғандай, жастар екі топқа бөлініп, бір-бірімен ерегесіп, соңы төбелеске ұласқан.
«Төбелеске қатысқан 12 адамның барлығы анықталды, олар облыс орталығының 25-30 жас аралығындағы тұрғындары болып шықты. Барлығы міндетті медициналық тексеруден өткен соң, түсініктеме беру үшін полицияға жеткізілді», – деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі («Бұзақылық») бойынша тергеу басталды.