"Декреттің алғашқы айлары, әсіресе бірінші рет ана болған әрбір әйелге жеңіл болмайтыны анық. Қол-аяғың енді жеңілдеп, бауырыңа алған жаңа өмір иесінің алғашқы күндерінен бастау алатын шақты мен де басымнан өткіздім. Енді жұмысқа шықпайтындай, артық салмақ осылай қалып қоятындай, көңіл күйің әрдайым құбылып, көз жасыңа ерік беріп, ойың сан-саққа шашырап, не істеп жүргеніңді өзің түсінбей қаласың кейбір сәттерде", – деп жазды ол.
Сондай-ақ жас ана мұндай ситуацияларға басқа қырынан қарау керек екенін айтады.
"Ана болу әрбір әйел адам үшін – бұл да өзіндік самореализация. Ол кезең әрбір әйел адамның басынан өтеді, мен де ана болудың алғашқы кезеңін басымнан өткерудемін. Осы қырынан қарап, жеңіл түрде, тіпті процестен рақат алып өткізуіміз өзімізге байланысты ғой, шыны келгенде", – дейді ол.