СҚО-да жоғалып кеткен оқушы қыздың мәйіті табылды

Іздестіру іс-шаралары ауыл маңында автокөлікпен және атпен жүргізілген.

19 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ПБ-ға Жаңажол ауылының тұрғынынан 14 жасар жиені таңертең үйден белгісіз бағытта кетіп, содан бері таппай жатқандары туралы телефон арқылы хабарлама түсті.

Полиция мәліметінше, 20 мамырда таңертең жоғалған 8-сынып оқушысының денесі Жаңажол ауылынан 1,5 шақырым жерде орналасқан су шұңқырынан табылды.

ПБ қызметкерлері мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен, педагогтерден және жергілікті тұрғындардан құралған іздеу топтары ұйымдастырылды. Іздестіру іс-шаралары ауыл маңында автокөлікпен және атпен жүргізілді.


"Аталған факт Қылмыстық кодекстің 105-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Өлімнің нақты себебі сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша анықталады. Істің барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүріп жатыр, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті іс жүргізу шешімі қабылданады", – делінген полиция хабарламасында.