Қазақстандық Ілияс Маратұлы Әзербайжан астанасы Бакуде 18 жасқа дейінгілер арасында ITF Juniors турнирінің абсолютті чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстандық теннисші жекелей сында финалда жергілікті ойыншыны 6:3, 6:3 есебімен жеңді.
І.Маратұлы жұптық сында қарағандылық Виталий Зацепинмен бірге соңғы бәсекеде түркиялық ағайынды Тургуттарды 7:6, 6:1 есебімен ұтты.
Бакуде сондай-ақ қыздар арасында қазақстандық Ульяна Романова жұптық сында ресейлік Кира Батайкинамен бірге үздік шықты. Олар ресейліктерден 7:5, 6:2 есебімен басым түсті.